Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕС!

Мен Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтарының бастамасы бойынша өткізілетін сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын.

Осы үлкен жұмысты ұйымдастырушылардың атынан азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс айтамын. Сіз осы маңызды іске өз еркімен қатысқан еліміздің 500-ден астам азаматының бірісіз.

Біз Қазақстан Үкіметіне осы уақытқа дейін қолданылып жүрген тұтыну қоржынының мөлшері қарапайым халықтың нақты шығыстарына сәйкес келмейтінін көрсетуге тиіспіз. Біз ең төменгі жалақы өте төмен екенін дәлелдеуіміз керек. Біз еңбекақы төлеу жүйесінде үлкен өзгерістерге қол жеткізгіміз келеді.

Сауалнама шілде айының соңына дейін жалғасады. Сауалнамаға қатысуды үзбеуіңізді, керісінше оған достарыңызды, туыстарыңызды, әріптестеріңізді немесе таныстарыңызды тартуыңызды сұраймыз. Бізге сіздің көмегіңіз бен қолдауыңыз өте қажет.

Сіздің түсінуіңізге және сауалнамаға белсенді қатысуыңызға үміттенемін.

Құрметпен,

«YNTYMAQ» Үйлестіру кеңесінің төрағасы

Мейрам Зекешұлы Қажыкен

Сауалнама ciлтемесi

консультация контактары:

8-701-511-0660    kazhyken@mssi.kz

Show More

Related Articles

Close