Жаңалықтар

ЕХӘҚМ-де аға буын азаматтар жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі-ЕХӘҚМ) БҰҰ қорының Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы елдік офисі өкілдерімен кездесу өткізілді, оның барысында аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі-Еңбекмині) БҰҰ қорының Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы елдік офисі өкілдерімен кездесу өткізілді, оның барысында аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина, БҰҰ қорының Қазақстандағы халықтың қоныстануы бойынша атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев, БҰҰ қорының Қазақстандағы бағдарламалық талдаушылары Ғазиза Молдақұлова және Жәмиля Құсайынова қатысты.

2017 жылы Қазақстан халқы қартайып келе жатқан, 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7%-дан асатын елдер тобына кірді. 2022 жылдың басында Қазақстан халқы саны 19,1 млн адам болды, бұл ретте 2000 жылмен салыстырғанда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 6,8% – дан 7,9% – ға дейін артты. Жалпы, аталған кезеңде аға буын адамдарының саны 490,8 мың адамға немесе 48,3%-ға өсті.

«Қарт азаматтардың жағдайын жақсарту аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейін «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар шеңберінде 9 негізгі бағыт бойынша 38 іс-шара көзделген: аға буын азаматтарының құқықтарын сақтау және қадір-қасиетін қамтамасыз ету; материалдық жағдайды және зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту; аға буын азаматтардың жұмыспен қамтылуын арттыру; қарт адамдары бар отбасыларды қолдау; денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру; әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру; бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау; қоғамдық сананы жаңғырту; төтенше жағдай кезінде қарттарды қолдау», – деді Назгүл Сағындықова.

Жоғарыда аталған Жоспарды іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылды. 2023 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша 63 орталық жұмыс істейді.

Кездесу барысында одан әрі ынтымақтастық жоспарлары талқыланып, аға буын азаматтардың жағдайын жақсарту қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар әзірленді.

Show More

Related Articles

Close