Жаңалықтар

Үш республикалық кәсіподақтар бірлестіктері

Бүгін (03.06.2020) үш республикалық кәсіподақтар бірлестіктері: «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар одақтастығы», «Қазақстандық еңбек конфедерациясы», Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы құрған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. БАҚ хабарлағандай, 28 мамырда үшжақты келісімге қол қойылып, жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басты міндеті – кәсіподақтар, үкімет және жұмыс берушілер арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасын дайындау.

Бірінші отырысты «Аманат» өкілі – Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Арынұлы Тәжібай жүргізді. Жұмыс тобының мүшелері бірінші және негізгі мәселелерді: Бас келісімнің құрылымы мен мазмұндау нысанын талқылады.

Қазіргі қолданыстағы (іс жүзінде әрекетсіз) 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім декларациялық нысанда жазылған, ал оның құрылымы көбінесе мемлекеттік стратегияларға ұқсас. Бұл құжатты мемлекеттік орган ресми түрде және түпкілікті нәтижеге бағыттамай әзірлегенін көрсетеді. Сондықтан жұмыс тобының мүшелері бас келісімнің жобасына қызметкерлер үшін өзекті болып табылатын мәселелер ғана енгізіледі, ал келісімнің тармақтарының өздері нормалар нысанында баяндалатыны туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Жұмыс тобының кезекті отырысы 8 маусымға жоспарланған. Жұмыс тобына Бас келісімнің мәтініне қосу үшін ұсыныстар енгізуге болады. Бұдан басқа, жұмыс тобы әлеуметтік әріптестікті жаңғырту, еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру, лайықты еңбек жағдайлары стандарттарын және басқа да міндеттерді енгізу мәселелерін талқылау үшін ашық.

Show More

Пікір үстеу

Close