Жаңалықтар

Ақмәди Сарбасов пен Жильбер Унгбо әлеуметтік-еңбек саласының мәселелерін талқылады

Женевада Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі – ХЕҰ) өткізетін Халықаралық еңбек конференциясының жыл сайынғы сессиясы шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ХЕҰ жаңадан тағайындалған Бас директоры Жильбер Унгбомен келіссөздер жүргізді. Тараптар одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ақмәди Сарбасов Жилбер Унгбоны Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті және ХЕҰ-ға еңбек заңнамасы мен құқық қолдану практикасы саласындағы реформаларды жүзеге асыруға жәрдемдесетін ұсынымдар әзірлеуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 «Биыл біз Қазақстанның ХЕҰ-ға қосылғанына 30 жыл толғанын атап өтеміз. Біздің ел ХЕҰ-мен ынтымақтастыққа ерекше мән береді және ХЕҰ алдындағы міндеттемелерін оның стандарттары мен ұлттық практикасына сәйкес орындайды. Бірлескен жұмыс жылдарында Қазақстан ХЕҰ-ның 25 конвенциясын ратификациялады, олар бойынша міндеттемелер ұлттық заңнамаға имплементацияланған. ХЕҰ конвенциялары адамның негізгі құқықтары, ең төменгі жалақы, өндірістік қатынастар, жұмыспен қамту, әлеуметтік диалог, әлеуметтік қорғау және басқа да мәселелерді қамтитын әлеуметтік және еңбек мәселелерінің кең ауқымын қамтиды», – деп қосты ол.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы жемісті және сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Сонымен қатар Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ өңірлік директоры Хайнц Коллермен, ХЕҰ Халықаралық еңбек нормалары департаментінің директоры Коринн Варгамен, Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Халықаралық көші-қон ұйымы Бас директорының аға өңірлік кеңесшісі Деян Кесеровичпен және т. б. тұлғалармен кездесулер өткізілді.

Show More

Related Articles

Close