Новости

Еңбек құқығы ғылымы мен әлеуметтік диалогтың жұмыскерлер өмірі мен денсаулығын қорғау саласындағы стандарттарды сақтау мен арттырудағы рөлі туралы ғылыми-практикалық пікірталас өтті

7 қарашада Maqsut Narikbayev University-де жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымы мен әлеуметтік диалогтың жұмыскерлер өмірі мен денсаулығын қорғау саласындағы стандарттарды сақтау мен арттырудағы рөлі туралы ғылыми-практикалық пікірталас өтті.

Пікірталас тақырыбы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты таңдалды. Бұл оқиғалар Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін құқықтық реттеудің жүйелі проблемалары туралы талқылауды бастауға түрткі болды.

Сонымен, жүз-елу жыл бұрын шахтадағы кеншілерді шымшық деген кішкентай құс қауіп туралы ескертіп тұрды: қалыпты жағдайда ол ән айтса, метанның немесе көміртегі тотығының иісін сезгенде, ол тынышталды немесе мазасыздық белгілерін көрсетті немесе тіптен құлады. Бұл өткен уақыттарда көмір шахталарында жазатайым оқиғалардың алдын алу тәсілі болған. Егер кеншілердің өлімі бүгінгі күнге дейін де орын алып отырса, барлық заманауи технологиялар мен заманауи құқық жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесін шеше алмай отыр ма?

Спикерлер: з.ғ.д., профессор Лютов Никита Леонидович, PhD Хасенов Муслим Ханатович, э.ғ.д., профессор, «YNTYMAQ» Үйлестіру кеңесінің төрағасы Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Тиникеев Мұхтар Бакирович, Қазақстан Еңбек конфедерациясы Бас хатшысының орынбасары Тәжібай Бақытжан Арынұлы және «Парасат» Қазақстандық кәсіпкерлер альянсының басқарма төрағасы Пак Олег Алексеевич.

Талқылауға Maqsut Narikbayev University оқытушылары мен шақырылған қонақтар қосылды, олар еңбек қауіпсіздігі мәселелерін құқықтық реттеудің жүйелі проблемаларына қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне еңгізілуі қажет өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жинау мен талдаудың орындылығы жөнінде пікір білдірді.

Қатысушылар мен спикерлер осындай кездесулерді одан әрі өткізу қажеттігімен келісті. Олардың нәтижесінде жасалған әлеуметтік әріптестік, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, еңбек инспекторлары, еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттарды сақтау және жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар пакетін Парламентке тапсыру көзделіп отыр.

Показать больше

Статьи на близкие темы

Закрыть