Жаңалықтар

Skills Enbek-те әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша онлайн дәрістер алуға болады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорымен (бұдан әрі – Қор) Skills Enbek платформасында онлайн білім беруді дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық шеңберінде Skills Enbek-те Қор қызметі аясында іске асырылатын әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының ақпараттық материалдарын, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша онлайн дәрістер сериясын орналастыру жоспарланған.

Қор әлеуметтік инновацияларды қолдау, өзінің мақсатты аудиторияларына өтеусіз қаржылық, ақпараттық, әкімшілік және ұйымдастырушылық көмек көрсету үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Skills Enbek платформасы өз кезегінде маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Skills Enbek-те оқыту қазақстандықтарға өз біліктілігін арттыруға, одан әрі жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар үшін дағдыларды игеру туралы сертификат беру көзделген, сертификат барлық игерген дағдылармен қоса Электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші қызметкерлерді іздеген кезде өтініш берушінің түйіндемесіндегі сертификаттар мен дағдыларын көре алады.

Skills Enbek іске қосылғаннан бері әртүрлі бағыттар бойынша 232 курс орналастырылды, оның 133-і тегін.

Жалпы, Қормен бірлесіп жұмыс істеу жаңа дағдыларды игеру үшін қазақстандықтарға қолжетімді курстар базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Show More

Related Articles

Close