Жаңалықтар

ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК АҚЫ ҮШІН!

Құрметті әріптес.

Қазақстан Республикасының Үкiметi тұтыну себетiн бағалаудың ескiрген әдiсiн әлі күнге дейiн пайдаланады және ең төменгi жалақыны айқындаудың халықаралық тәжiрибесiн қолданбайды. Осы жағдайды түзету үшін екі республикалық және төрт кәсіподақ бірлестігі «YNTYMAQ» деп аталатын үйлестіру кеңесін құрды. Оның негізгі мақсаты Қазақстанда еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру болып табылады.

«YNTYMAQ» өз мақсатына жету үшін практикалық қадамдар жасай бастайды. Мiндеттердiң бiрi нақты отбасылардың нақты қажеттiлiктерiн бағалау болып табылады. Осы деректерге сүйене отырып, ең төменгі жалақының мөлшерін есептеуге болады.

Бізге Cіздің көмегіңіз керек.

«YNTYMAQ» сізден сауалнамаға қатысушылардың бірі болуды және еліміздің барлық жұмысшылары мен қызметкерлерінің лайықты жалақысының болуын қамтамасыз етуге үлес қосуды сұрайды.

Ең төменгi жалақы мемлекеттiң бiрыңғай шешiмiнен келiссөздерге дейiн және екi жақты немесе үш жақты келiсiмдерге қол қоюдан бастап әртүрлi тәсiлдермен белгiленiп отыруы мүмкiн. «YNTYMAQ» кәсіподақтардың еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi Үкiметпен келiссөздерге қатысуын, оның iшiнде қолданылып жүрген әдiстемеге сәйкес ең төменгi жалақыны белгiлеудi талап етедi..

Біз ортақ игі мақсатқа бірге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Құрметпен, «YNTYMAQ» үйлестiру кеңесiнiң төрағасы

Мейрам ҚАЖЫКЕН.

Сауалнама сiлтемесi: http://anketa.hostenko.net/yntymaq2021/

Show More

Related Articles

Close