Лайықты еңбекақы үшін петиция!
Мына ережелерге сәйкес:
• Қазақстан Республикасының Конституциясы;
• «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» Халықаралық еңбек ұйымының №131 Конвенциясы;
• Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім,
Біз, Қазақстанның еңбек етуші азаматтары, ҚР Үкіметінен талап етеміз:
• Халықаралық еңбек ұйымының №131 Конвенциясын ратификациялау.
• Жоғарыда көрсетілген Конвенцияға сәйкес ЕТЖ деңгейін айқындау кезінде жұмыскерлердің өздерінің ғана емес, олардың отбасыларының да қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ елдегі жалақының жалпы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік топтардың салыстырмалы өмір сүру деңгейін есепке алу қажет.
• Нормативтік құқықтық базаны біріздендіру арқылы Қазақстан Республикасының еңбекақы төлеу жүйесін жаңғырту.
• Жыл сайын инфляцияның нақты деңгейіне сәйкес жалақы мөлшерін индекстеу.